Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Құрметті киноиндустрия өкілдері!

Құрметті киноиндустрия өкілдері! Бүгін мемлекет қолдауына үміткер киножобаларға арналған конкурстың маңызды кезеңі – питчинг басталды. Осыған дейін біз сала өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып, конкурстық іріктеу ережелеріне бірқатар өзгеріс енгіздік. Биылғы байқау жаңа ережелер негізінде жалғасуда. Бұдан былай конкурс келесі тәртіппен өткізіледі: Алдын ала басым тақырыптар жарияланып, сценарий жазуға екі ай уақыт беріледі; Бірінші кезеңде тек сценарийлер мен сценарий жоспарлары қабылданды; Сараптама кеңесі жобаларды анимациялық, көркем және деректі кино бағыттары бойынша іріктейді; Екінші кезеңде толық құжаттар топтамасының сәйкестігі тексеріледі; Анықталған қателерді түзетуге үш күн уақыт беріледі. Ашық қорғау 9–12 маусым аралығында өтеді. Оның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында онлайн трансляция ұйымдастырылады. Биыл питчингке 99 жоба жіберілді. Министр ретінде мен бұл процесті жеке бақылауыма алып отырмын. Сараптамалық кеңес мүшелері де ұлттық киноөнердің дамуына серпін беретін мазмұнды, сапалы жобаларды іріктеу үшін бар күшін салуда. Біздің ортақ мақсатымыз – отандық киноның көкжиегін кеңейту. Мемлекет қаржысы есебінен түсірілетін фильмдер – халықтың мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде қабылданады. Сондықтан кинематографистер өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап, мазмұнды да сапалы туындылар ұсынуға ұмтылады деп сенемін. Кино – бұл тек өнер ғана емес, мәдениетіміздің, тарихымыздың, ұлттық болмысымыз бен идеологиямыздың көрінісі. Сондықтан министрлік ұлттық киноны дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді. Баршаңызға сәттілік тілеймін!
Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған