Мәдени мұраны сақтау мен ұлықтауды мақсат еткен қорымыздың басшылығы жуырда «Қазақфильм» киностудиясына арнайы сапармен барып қайтты. Бұл тағылымды кездесуде ұлттық кино өнерін дамыту, оның асыл қазынасын келер ұрпаққа аман жеткізу жолындағы бірқатар бірлескен жобалар мен игі бастамалар талқыланды. Сондай-ақ, өнер мен руханияттың өзара сабақтастығын нығайту, жас буынның танымын кеңейту бағытында маңызды жоспарлар айқындалды.
Қазақ киносының алтын арқауы саналатын, уақыт сынынан өткен жауһар туындыларды дәріптеу – баршамыздың ортақ парызымыз.
Бүгінде қорымыздың ресми YouTube арнасында қазақ киносының мәңгілік мұрасына айналған «Қыз Жібек» фильмі көрерменге жол тартты
https://youtu.be/VzFx06X5cWM?si=PjZlq1qu3OMM3pV_
Бұл — халқымыздың рухани болмысы мен көркемдік талғамын айшықтайтын өлмес туынды.
Сіздерді осы асыл мұраны тамашалауға шақырамыз. Көріп, өз ой-пікірлеріңізбен бөлісіп, пікір қалдырып, жақындарыңызбен бөліссеңіздер — бұл сіздер үшін үлкен күш-жігерді талап етпейді, ал біз үшін жаңа биіктерге бастар зор шабыт болмақ.
Сондай-ақ, қорымыздың жаңалықтарынан хабардар болып отырыңыздар. Төменде көрсетілген ресми әлеуметтік желілерімізге жазылып, бізді қолдауға шақырамыз. Біздің парақшаларымызға жазылу арқылы сіз «Меценат» мәртебесіне ие болып, ұлттық мәдениетті дамыту жолындағы игі іске өз үлесіңізді қоса аласыз.
Instagram: @cultural_legacy_fund
TikTok: @clf.kz
YouTube: @CulturalLegacyFund
Ұлттық өнерге деген құрмет — ұлтқа деген сүйіспеншіліктің көрінісі.
Ізгі ниетпен,
Мәдени мұра қоры



