Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Ыстамбұлда Халықаралық «ТҮРКСОЙ театр сыйлықтары» табысталады

9 ақпанда Ыстамбұлда Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы мен «Anadolu Gazetesi» басылымының бірлесіп ұйымдастыруымен өтетін Халықаралық «ТҮРКСОЙ театр сыйлықтары» табысталады.

Түркі дүниесінде театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан өнер иелерін ұлықтауды мақсат ететін бұл марапат биыл 11-рет ұйымдастырылып отыр. Салтанатты кеш барысында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдерден іріктелген өнер қайраткерлеріне өз салаларында қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін сыйлықтар табыс етіледі, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Жыл сайын Халықаралық «Anadolu» театр сыйлықтары аясында өткізіліп келе жатқан бұл мәдени шара түркі дүниесі театрлары арасындағы шығармашылық ынтымақтастықты нығайтуға, ортақ мәдени мұраны сахна өнері арқылы кеңінен насихаттауға және сапалы театр туындыларын қолдауға бағытталған.

2026 жылғы Халықаралық «ТҮРКСОЙ театр сыйлықтары» аясында марапатқа ие болғандар төмендегідей:

Қазақстан – Үздік театр режиссері: Еренбақ Тойкенов
Өзбекстан – Үздік әйел рөлі: Лола Эльтоева
Түрікменстан – Үздік ер адам рөлі: Батыр Чарыев
Қырғызстан – Үздік сахна суретшісі: Садыр Ниязакунов
Әзербайжан – Үздік драматург: Али Әмірлі

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған