Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында
салтанатты түрде өткен «Vivaldi & Haydn» классикалық музыка кеші 700-ден астам көрермен жинады.
Концерт Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Бағдарламаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бақытжан Мұсахаджаева (дирижер), Асқар Дүйсенбаев пен Асқар Мұқанов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ақбике Алғи, халықаралық байқаулардың лауреаттары Айгерім Ерғалиева, Жібек Мусургалиева, Амина Ахметжанова, сондай-ақ италиялық белгілі виртуоз Антонелло Д’Онофрио (фортепиано) қатысты.
Концерттік бағдарламада әлемдік классиканың жауһары - Антонио Вивальдидің әйгілі «Жыл мезгілдері» ұсынылды. Бұл шығарма академиялық сахнадан асып, кино мен театр әлемінде кеңінен қолданыс тапты. Ал концерттік орындауда ол тыңдарманға жаңа әсер мен терең эмоция сыйлады. Сондай-ақ, австрия композиторы Йозеф Гайднның скрипка мен фортепианоға арналған музыкалық туындысы орындалды.
Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет Қазақконцертте кездескенше!
