Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Сарапшылар мәдениет пен өнер саласындағы кадрлар даярлау мәселелерін талқылады

Бүгін Қазмедиа орталығында шығармашылық бағыттағы білім беруді дамыту және мәдениет пен өнер саласында кадрлар даярлау мәселелері бойынша сараптамалық кездесу өтті.

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, шығармашылық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының басшылары, сондай-ақ бірқатар шетелдік және отандық сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында еліміздегі шығармашылық бағыт бойынша білім беруді одан әрі дамыту, негізгі үрдістері мен бағыттары туралы талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар сертификатталған білім беру бағдарламаларын енгізу, жасанды интеллект дәуіріндегі мәдени білімнің рөлін, шығармашылық бағыттағы жоғары оқу орындарының «Erasmus+» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Жиын соңында қатысушылар кешенді шараларды әзірлеу және озық тәжірибелер мен сұраныстағы бағдарламаларды бейімдеу қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.

Айта кетейік, бүгінде министрліктің қарамағында 10 шығармашылық білім беру ұйымы – 4 ЖОО, 4 колледж және дарынды балаларға арналған 2 мектеп-интернат бар.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған