Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

«Опералия» фестивалінде балет өнері сан қырынан танылады

«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың Гала-балетінің авторлық бағдарламасы «Опералия» халықаралық музыка фестивалінің жарқын жазғы оқиғасына айналмақ. 1 шілде театрдың Үлкен залы сахнасында бұл ауқымды жоба классикалық мұраны, ХХ ғасыр хореографтарының жауһарларын, заманауи пластика және ұлттық хореографияның озық үлгілерін біріктіреді.

Әлемдік балет аңызы Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова кештің қызықты драматургиясын жасап, классикалық репертуардағы па-де-де, вариациялар мен көріністер ХХ ғасыр шеберлерінің қойылымдары мен заманауи ұлттық хореография нөмірлерін үйлесімді үйлестіре білді. Стильдер мен дәуірлердің алуан түрлілігі әр көрерменге өздеріне ұнайтын нәрсені табуға, ал орындаушыларға өз шеберлігінің барлық қырын, шеберліктің шыңын, академиялық техника мен актерлік талантын көрсетуге мүмкіндік береді.

Екі бөлімнен тұратын көп жанрлы концерт бір бағдарлама аясында жетекші солистердің, солистердің және балет труппасы әртістерінің жұлдызды жұптарын көруге сирек мүмкіндік береді. Бұл сүйікті орындаушылардың шығармашылық әлеуетін толық бағалауға жол ашады. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін осы кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгерім Бекетаева мен Бақтияр Адамжан, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Рахматуллаев пен Шұғыла Әдепхан өнер көрсетеді, содан кейін ол Серік Нақыспековпен бірге сахнаға қайта шығады. Сонымен қатар көрермендер София Әділханова мен Ахмет Қабкенов, Назира Заетова мен Александр Корнилов, Әдемі Жанәбіл және Жансерік Ахметовтың дуэттерін тамашалайды. Камила Шахманова, Эркин Базарбаев, Диас Құрманғазы орындаған трио, сондай-ақ Ғазиза Молдахмет пен Досхан Зәйдіннің орындауындағы жеке нөмірлер бағдарламаның сәнін келтірмек.

Кеш шымылдығын Мариус Петипаның хореографиясында А.Аданның «Корсар» балетінен Трио ашады. Ұлы балетмейстердің шығармашылық мұрасын Р.Дригоның «Талисман» балетінен және Л.Минкустың «Дон Кихот» балетінен (М.Петипа мен А.Горскийдің редакциясы) әйгілі па-де-де ұсынады. Классикалық желіні көрнекті шебер Юрий Григоровичтің қойылымындағы А.Хачатурянның «Спартак» балетінен Адажио толықтырады.

ХХ ғасырдың данышпан хореографы Ролан Петидің жауһарлары – Ж.Бизенің музыкасына «Кармен» балетінен және М.Жаррдың «Париж Құдай анасының соборы» балетінен дуэттер өнер сүйер қауымға нағыз сый болмақ. Өткен ғасырдағы хореографияның түстер байлығын Д.Шостаковичтің музыкасына Д.Брянцевтің «Ескі фотосурет» және В.Желобинскийдің музыкасына К.Голейзовскийдің «Сыған биі» миниатюрасынан тануға болады.

Кеш бағдарламасында ұлттық хореография ерекше орын алады. Қазіргі қазақстандық хореограф әрі театр солисі Сұлтанбек Ғұмардың таланты оның қойылымдарында – Hassak этно-фольклорлық тобының музыкасына «Аралым» және А.Райымқұлованың музыкасына «Mankurt» қойылымында кең танылады. Көрермен қауым ұлттық дәстүрдің ой елегінен өткізіліп, қайта ұсынылуын әйгілі балетмейстер Патрик де Бананың TURAN этно-фольклорлық ансамблінің музыкасына қойған «Қилы заман» биінен аңғара алады.

Балет әртістері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедьяровтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

Басталуы сағат 19.00.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған