2024 жылғы 26-тамызы күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы Харипованың қатысуымен «Мәдениет және шығармашылық индустрияны қолдау қоры – CULTYRAL LEGACY FUND» (президент Эльбрус Имамбаев) қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар музейлерді, шығармашылық индустрияны дамыту, музей қорларын республикада да, одан тыс жерлерде де таныстыруға және танымал етуге бағытталған мәдени-ағартушылық және инновациялық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты талқылады.