Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

ЮНЕСКО киіз үйді жасау және қолдану дәстүрінің халықаралық деңгейде мойындалуын кеңейтті

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Үкіметаралық комитетінің 20-шы сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды. Оны беделді тізімге 2014 жылы Қазақстан мен Қырғызстан енгізген болатын.

Бұл киіз үйді әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі ретінде тану мүмкіндігін арттырады және Орталық Азия мұрасының ортақ екенін айғақтайды.

Сонымен қатар қазіргі таңда Қазақстанның «Салбурын» ұлттық өтінімі және «Кесте тігу өнері» (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан), «Киіз басу өнері» (Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Иран, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан), «Алпамыс жыры» (Қазақстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан), «Тақия» (Қазақстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия) аталымдары ЮНЕСКО-ның қарауында екенін айта кеткен жөн.

Ерлан Карин


WhatsApp Image 2025 12 11 at 22.11.14

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған