Жанды музыкалық сүйемелдеу – ешнәрсемен салыстыруға келмейтін ерекше әсер. Бұл жай ғана фон емес, ол – музыка әлеміне жан-дүниеңмен енуге мүмкіндік беретін қуатты ағын.
Қазіргі таңда бас дирижёр Арман Уразғалиевтің жетекшілігімен оркестрдің қарқынды дайындықтары жүріп жатыр. Маэстро мен музыканттар балет премьерасына арналған партитураны мінсіз әрі әсерлі ету үшін соңғы штрихтерін енгізуде.
📅 17–18 қазан
🎟️ Билеттер: astanaballet.com
