Бүгін жас ақын-жазушылармен “Алқа” әдеби клубы аясында еркін форматта бас қостық. Кездесуде Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда бекіткен және биыл алғаш рет аталып өткен “Ұлттық кітап күні” мерекесінің маңыздылығын талқыладық. Сонымен бірге, Ұлттық құрылтай мүшелерінің бастамасымен жүзеге асып жатқан “100 кітап. Ұлттық сауалнамасы” жобасына байланысты да сұрақтарға жауап бердім. Жас қаламгерлер де өзін толғандарын сұрақтарын қойып, тұшымды ұсыныстар айтты.