Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау жөніндегі қоғамдық қор – Cultural Legacy Fund және төрт жұлдызды Comfort Hotel Astana қонақ үйі мәдени туризмді дамытуға, креативті бастамаларды қолдауға және мәдени іс-шаралардың қатысушылары мен қонақтары үшін заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Құжат тараптардың Астанада өтетін мәдени фестивальдер, гастрольдік турлар, көрмелер және шетелдік делегацияларды қабылдау аясындағы ынтымақтастығын бекітеді. Әріптестіктің мақсаты — қазақстандық мәдениетті ұлттық және халықаралық деңгейде ілгерілетуге ықпал ету.
Төрт жұлдызды бизнес-қонақ үй мәртебесіне ие Comfort Hotel Astana, әртістерді, жұлдыздарды, ресми делегациялар мен халықаралық іс-шаралар қатысушыларын қабылдауда мол тәжірибесі бар мекеме ретінде Қордың ресми қонақүй серіктесі болады. Ынтымақтастық аясында қонақ үй әртістерге, кураторларға, қонақтар мен ұйымдастырушыларға арнайы орналастыру шарттарын ұсынады.
Сондай-ақ, әріптестік мәдени туризм саласындағы бірлескен бағдарламаларды дамыту мен халықаралық талаптарға сай бірыңғай қонақжайлық стандартын қалыптастыруды көздейді.
«Бұл келісім мәдени жобалардың ауқымын кеңейтіп, инфрақұрылымды нығайтуға септігін тигізеді және барлық қатысушылар үшін жоғары жайлылық деңгейін қамтамасыз етеді. Біз сенімді және кәсіби серіктесімізбен ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті Cultural Legacy Fund президенті Эльбрус Имамбаев.
Бизнестің мәдени саладағы серіктестігі Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан мәдени орталық ретіндегі оң халықаралық имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.