Cultural Legacy Fund пен Dili серіктестерімен бірге Сиань қаласында 2025 жылдың жазында өтетін ірі жыл сайынғы өнер фестивалі – "MIRA"-ны ұсынады.
Фестивальге классикалық музыканың жұлдыздары, сонымен қатар Қазақстанның және әлемдік сахналардың әйгілі әртістері қатысады. Балет әртістері, опера әншілері, ірі қойылымдар мен өнер туындылары фестиваль барысында көрермен назарына ұсынылады.
Фестиваль Шығыс пен Азия мәдениетіне арналады. Бұл – әлі күнге дейін өзінің байлығымен, мол мұрасымен шабыттандырып келе жатқан мәдениет.
Фестивальдің ашылуы 25 маусым күні Сиань қаласындағы Шэньси Ұлттық Үлкен театрында өтеді. Алғашқы онкүндікте Қарағанды симфониялық оркестрінің концерттері, Қазақстанның опера және балет театрларының солистерінің қатысуымен Гала-балет кештері өтеді.
Екінші онкүндік маусымның соңында, ал үшінші онкүндік тамыз айында өтеді. Көрермендер назарына "АстанаОпера" театрының сахналауындағы Дж. Вердидің "Травиата" және Дж. Пуччинидің "Турандот" опералары, "АстанаОпера" солистерінің қатысуымен "Аққу көлі" балеті және басқа да туындылар ұсынылады.
Фестиваль аясында әртүрлі семинарлар, кешкі ас шаралары және кездесулер ұйымдастырылады.
"MIRA" фестивалі – әлем сахнасында мәңгілік әрі асқақ өнерді дамыту мен насихаттауға арналған, түрлі ұлт пен кәсіп иелеріне арналған маңызды мәдени жоба. Бұл – халықтар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосылған үлес.
Мақала мен афиша авторы: Қор Елшісі – Рахимов Абылай