Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік ұстанымы жайлы қызы Дінзухра Нұрғисақызы жүрекжарды пікірін білдірді

Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік ұстанымы мен адами болмысы жайлы қызы Дінзухра Нұрғисақызы жүрекжарды пікірін білдірді. Бұл туралы ол “Айқын” газетіне сұхбат берді, деп хабарлайды “Адырна”.

“Әкем өте қарапайым жан еді. Шын мәнінде, оның қолында орасан зор мүмкіндік болды. Бі­рақ ол соның бәрін өзі үшін емес, өзгелер үшін пайдаланды”, – дейді Дінзухра.

Оның айтуынша, әкесі әрқашан айналасындағы адамдарға қамқор болып, әсіресе үйсіз-күйсіз жүрген өнер иелеріне қол ұшын созуға тырысқан.

“Егер оркестр ұжымындағы бір адам­ның бас­панасы болмаса, міндетті түрде көмек­тесуге тырысатын. Әкем өмірден өткен соң, есейе келе өмір жолымда талай адам­мен жолықтым. Олар маған: «Білесіз бе, мен пәтерге әкеңіздің арқасында қол жеткіздім», – деп айтып жатады. Мұндай жандарды әлі күнге дейін жиі кездес­тіремін”, – дейді ол.
Нұрғиса Тілендиев материалдық құндылықтарды ешқашан биік қойған емес. Тіпті қарапайым тіршіліктің өзін қанағат тұтқан жан болған.

“Анам кейде «Саяжай алсақ қой, осындай заттарымыз болса екен» деп айтса, әкем: «Дариға, қажет емес», – дей­тін. Себебі әкем үшін мате­риалдық байлық ешқашан басты құнды­лық болған емес”, – деп еске алады қызы.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған