Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева креативті индустрия өкілдеріне салықтық жеңілдіктер қарастыруды сұрады.
Қазіргі уақытта жаңа Салық кодексінің жобасы талқылануда. Бұл шаралар салықтық жеңілдіктерге, бөлшек салықтың белгілі бір режимін сақтауға қатысты болмақ. Сондай-ақ, Салық кодексінен 1,3 триллион теңге көлеміндегі жеңілдіктерді алып тастау ұсынылғаны хабарланды.
Сонымен қатар, ханым Балаеваның айтуынша, елімізде тарихи-мәдени мұраны цифрландыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Министрлік басшылығымен «Qazaq Culture» ағартушылық платформасы жұмыс істеуде. Ол мәдени құндылықтар туралы ақпарат таратып, 8 тілде қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік тілдегі контентті жасанды интеллект көмегімен дыбыстандыру,
сондай-ақ «е-Кітапхана» және «е-Мұрағат» жобаларын біріктіретін жасанды интеллект элементтері бар ұлттық цифрлық білім базасы іске асырылуда.
Цифрлық даму арқылы Қазақстанның құжаттық, аудиовизуалды және кино қоры байытылуда.
«Министрлік Қазақстанның жаңа мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО тізіміне енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіліміне құжаттық мұраны сақтау және ілгерілету бойынша Жұмыс тобы құрылды, оның құрамына ғалымдар, архивистер, археологтар, академиялық орта мен қоғам өкілдері кірді», – деп атап өтті министр.
Бұл – жаһандық және қазақ мәдени мұрасына қосылған үлкен үлес.
Мәдениет және ақпарат министрлігіне және Аида Балаева ханымға алғысымызды білдіреміз.
Мақала авторы: қор елшісі Абылай Рахимов