Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Алматыда өтетін халықаралық «Өрлеу» хореографиялық байқауына 8 ел қатысады

2025 жылғы 30 наурыз бен 4 сәуір аралығында Алматы қаласында IX халықаралық «Өрлеу» хореографиялық оқу орындары байқауы өтеді.

Бұл байқау 2008 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. Іс-шара халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға, хореографиялық оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасуға, жас таланттарды анықтауға, орындаушылық шеберлікті арттыруға, сондай-ақ классикалық, ұлттық және заманауи би өнерінің үздік дәстүрлерін дамытуға бағытталған.

Байқау үш номинация бойынша өтеді. Атап айтсақ, «Классикалық би», «Халық биі», «Заманауи хореография» бойынша жеңімпаздар анықталады.

Биылғы байқауға 8 елден 134 қатысушы келеді. Оның ішінде Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолия, Өзбекстан және Қазақстан бар.

Байқау Алматы қаласының үш алаңында өтеді. Атап айтсақ, Алматы хореография училищесінің оқу театры, «Almaty Theatre» сахнасы және қорытынды гала-концертте жеңімпаздар Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында өнер көрсетеді.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Александр Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі ұйымдастырады.

Байланыс:
Байланыс менеджері, байқау координаторы: Санжар Касимбаев (+7 778 324 83 79)
Баспасөз хатшысы: Эльмира Мұқтар (+7 778 312 35 43)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

484984049 17907517806103697 3515919408752417710 n

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған