Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Алматыда V Халықаралық жас музыканттар байқауы мәресіне жетті

Алматыда Zarina Altynbayeva Youth Music Competition (ZAYMC 2025) халықаралық жас музыканттар байқауының финалы өтті.

Биылғы байқаудың тақырыбы – «Түркі халықтары мен композиторларының музыкасы». Бұл тақырып түркі елдерінің бірлігі мен мәдени дәстүрлер сабақтастығын айқындайды.

Байқаудың негізін қалап, көркемдік жетекшісі қызметін атқарған — Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі Зарина Алтынбаева.

Халықаралық қазылар алқасының қатарында Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстанның белгілі академиялық өнер қайраткерлері болды.

Биыл байқауға алғаш рет халықаралық мәртебесі беріліп, жаңа «Түркі композиторының туындыларын ең үздік орындаған» номинациясы енгізілді. Сонымен қатар «Түркі әлемінің антологиясы» атты жинақ шығарылды. 150-ден астам өтінімнен 44 қатысушы финалға өтті, және байқаудың нәтижесінде әртүрлі номинациялар мен жас категориялары бойынша лауреаттар мен дипломанттар анықталды.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған