Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Алпысбаева Венера Нағметдуллаевна

Құрметті достар, бұл постты сіздермен танысуға арнамақпын. Жаңадан қосылып жатқан баршаңызға алғыс!

Мен, Алпысбаева Венера Нағметдуллаевна - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының опера әншісімін және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Музыкалық өнер факультетінің деканы, Жеке ән салу кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарамын. 

2004-2009 жылдары (бакалавр дәрежесі) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында КСРО Халық әртісі, профессор Р.У.Жаманованың класында Вокалдық өнер мамандығы бойынша білім алдым. 

2009-2012 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Ш.Х.Әбиловтың класында оқып, Вокалдық өнер мамандығы бойынша магистр дәрежесін алдым. 

2024 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында докторлық диссертациямды қорғап, Қазақстандағы алғашқы Опера әншілерінің арасында тұңғыш PhD докторы атандым. 

Парақшама қош келдіңіздер, сіздермен өнерімді бөлісу мен үшін үлкен ғанибет! 

#ВЕНЕРААЛПЫСБАЕВА 

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған