Таир Каратаев – кәсіби музыкант, виолончелист, Күләш Байсейітова атындағы республикалық музыкалық мектеп-интернаты мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Ол оркестр әртісінен бастап республикалық жетекші ұйымдардың басшылығына дейінгі жолдан өткен.
Ол Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясын, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театрын басқарған. 2023 жылдан бастап Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры қызметін атқарды. (©kazinform)