Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

«Астана Опера» қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруда

«Астана Опера» ұжымы жаңа Конституцияның қыр-сырын түсініп, оның ережелерін күнделікті өмірде қолдануды үйрену үшін сарапшылармен кездесті.

Ата Заң баптарын зерделеп, оны көпшілікпен қатар түсіну, сондай-ақ оның ережелерін жұмыста да және өмірде де дұрыс қолдану міндетін іске асыру басшылық тарапынан жасалған маңызды қадам болды. Опера және балет әртістерінің сахнадағы өз заңдылықтары, ал әкімшілік қызметкерлерінің өз жұмыс кестесі бар болып көрінгенімен, ортақ құқықтық кеңістіксіз театрды үйлесімді басқару да, қызметкерлердің құқығын қорғау да, мемлекетпен өзара іс-қимылдың айқын ережелерін орнату да мүмкін емес.

Кездесуге шақырылған Астана қалалық мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясының мүшесі Сәуле Самидин  күрделі болып көрінетін дүниелер туралы қарапайым тілмен әңгімеледі: олар 2026 жылғы 15 наурыздағы референдум қазақстандықтардың өміріне қандай өзгерістер әкелгеніне және Конституция ережелерінің шынайы жағдайларда қалай жұмыс істейтініне тоқталды. Кездесуде жұмысқа қабылдаудың маңызды мысалдары, шығармашылық қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері мен басқа да көптеген мәселе талқыланды. Осының нәтижесінде қызметкерлер құқықтық мәдениетті арттыру өзіңді және өз кәсібіңді қорғаудың құралы екенін түсінді.

Театр әкімшілігі хабарлағандай, кездесу ашық диалог форматында өтті. Жұмыскерлер еңбек құқықтары, шығармашылық қызметкерлердің қоғам алдындағы міндеттері және жаңа Конституцияның мәдениет саласы мен өнер қайраткерлерінің мәртебесін қалай қорғайтыны туралы сұрақтар қойды.

- Біз құқықты көбінесе қол жетпес дүние деп ойлаймыз, бірақ іс жүзінде күнделікті өмірімізде, мәселен гастроль туралы келісімшартқа қол қойғанда немесе өзіміздің шығармашылық құқығымызды қорғағанда оны білу қажеттілігімен бетпе-бет келіп жатамыз. Бұл кездесу біраз адамға Конституцияға жаңаша көзқараспен қарауға көмектесті. Ұжымның құқықтық мәдениетінің жоғары болуы жұмыс сапасына тікелей әсер етеді деп ойлаймын, - деп пікірімен бөлісті кездесу қатысушысы Әсел Өтекешева.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған