30 наурызда А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқу театры сахнасында IX Халықаралық хореографиялық оқу орындары байқауының салтанатты ашылуы және қатысушылардың жеребе тарту рәсімі өтті.
Байқауға әлемнің 8 елінен: Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Өзбекстан және Қазақстаннан 130 дарынды орындаушы қатысады.
Жарыстар Алматының үш алаңында өтеді: А. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқу театры, Almaty Theatre, ал байқаудың шарықтау шегі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры сахнасында өтетін лауреаттар гала-концерті болады.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Бұл байқау – өз мүмкіндіктерін көрсетуге арналған бірегей мүмкіндік қана емес, сонымен қатар әрбір қатысушы үшін тәжірибе алмасу мен шабыт алу мүмкіндігі.