29, 30 және 31 қазан күндері «Астана Операның» Бас сахнасында Морис Жаррдың музыкасына Ролан Петидің қойылымында «Париж Құдай анасының соборы» балеті зор табыспен өтті. Үш күн бойы зал көрерменге лық толып, спектакль әр кеш сайын аншлагпен өтіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Қойылымның пластикалық көркем шешімі, терең драматизмі мен ауқымдылығы көрерменді бей-жай қалдырмады. Театрдың балет әртістері, оркестрі, хоры және мимансы ұлы шығарманың қуаты мен трагизмін шынайы жеткізе отырып, сахнада әсерлі көрініс жасай алды.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Эсмеральда – Айгерім Бекетаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (29, 31 қазан)
Шұғыла Әдепхан (30 қазан)
Квазимодо – Бақтияр Адамжан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (29, 31 қазан)
Ғалымжан Нұрмұхамет (дебют, 30 қазан)
Фролло – Айбар Тоқтар (29, 31 қазан)
Серік Нақыспеков (30 қазан)
Феб – Диас Құрманғазы (29, 31 қазан)
Еркін Рахматуллаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (30 қазан)
Дирижер – Арман Оразғалиев.
Жоғары кәсіби шеберлік, әртістердің эмоциялық берілуі және барлық сахналық құрамдастардың үйлесімділігі «Астана Операның» еліміздегі жетекші театрлардың бірі ретінде мәртебесін тағы да айқын дәлелдеді.
