Карл Орфтың мистикалық әрі баурап алатын музыкасы — XX ғасырдағы ең қуатты туындылардың бірі, адам рухының жеңісін жырлайтын шығарма. Мукарам Авахри мен Тимур Загидуллин қойған «Carmina Burana» балеті адам болмысы, жан азабы мен оның ғаламмен байланысын зерттейді. Балет ортасында — бір-біріне ынтық жас жігіт пен бойжеткеннің махаббаты, олардың сезімі түрлі азғырулар мен сынақтардан өтуді талап етеді.
Осы контексте алманың бейнесі пайда болады — бұл азғыруды, сынақтар арқылы даналыққа жетуді және таңдауды білдіретін күшті символ. Тыйым салынған бұл жеміс тазалық пен азғыру арасындағы күресті бейнелейді, өмірдің циклділігін, әрбір шешімнің келешек өмір жолына әсер ететінін еске салады.
5–6 шілде
Билеттер: astanaballet.com сайтында