Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

«Опералия» халықаралық фестивалі аяқталды

Дж.Пуччинидің «Турандот» ғаламат операсымен ХІІ театр маусымы және «Опералия» халықаралық фестивалі аяқталды.
 
Турандот партиясының орындаушылары Жұпар Ғабдуллина мен Бибігүл Жанұзақ (екеуі де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері) спектакльге айрықша эмоциялық күш үстеді. Олардың өнер көрсетуі кештің нағыз вокалдық шыңына айналды – батыл, мықты әрі драма мен ішкі күреске толы болды.
 
Бірінші кеште Калаф партиясында шақырылған солист Бурятия Республикасының еңбек сіңірген әртісі Михаил Пирогов өнер көрсетті. Оның орындауындағы әйгілі Nessun dorma ариясы зор қошеметке бөленді. Армениялық бас Саркис Бежбеук-Меликян өзінің жарқын орындауымен Тимурдың партиясын көркейте түсті. Дирижерлік тұғырда – маэстро Джузеппе Аквавива (Италия).
 
Екінші күні Калаф партиясында сахна төріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Чотабаев шықты – көрермен қауым әртісті сағынғаны соншалық, оны ыстық ықыласпен әрі шаттықпен қарсы алды. Дирижерлік пульт тұғырында – оркестрге қуатты әрі мәнерлі орындауға шабыт берген театрдың бас дирижері Алан Бөрібаев.
 
Салтанат Ахметова мен Назым Сағынтай сомдаған нәзік әрі қайсар Лиу бейнесі көрермендердің жүрегін елжіретті. Олардың жантебірентерлік вокалдық желісі бүкіл қойылымның нәзік, жанды және ұмытылмас лирикалық өзегіне айналды.
Театрдың балалар хорының әсерлі қатысуы спектакльді ерекше шынайылық пен дыбыс тазалығына бөледі.
 
Басты кейіпкерлер және орындаушылар:
Турандот — Жұпар Ғабдуллина / Бибігүл Жанұзақ
Лиу — Салтанат Ахметова / Назым Сағынтай
Калаф — Михаил Пирогов / Медет Чотабаев
Альтоум — Талғат Аллабиринов
Тимур — Саркис Бежбеук-Меликян / Талғат Ғалеев
Пинг — Расул Жармағамбетов / Ержан Саипов
Панг — Нұрсұлтан Әнуарбек / Артур Ғабдиев
Понг — Бейімбет Таңарықов / Рамзат Балакишиев
Мандарин — Шыңғыс Расылхан
Император — Дінмұхамед Көшкінбаев
 
«Турандот» — бұл вокалдық және драмалық өнердің ғаламат зор жетістігі. Көрермендерімізге бүкіл маусым бойы бізге сенім артып, жарқын эмоцияларымен бөліскендері үшін алғыс білдіреміз!
Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған