Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Қазақстан анимациясының дамуы: Мәулен Әшімбаевпен кездесу

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қабылдауында болдым. Қазақстандағы анимация саласының дамуы туралы пікір алмастық. Мәулен Сағатханұлы – шығармашылық тұлға. Ол отандық танымал «Шал» фильмін жасауға тікелей қатысқан.

Мен анимация саласындағы мәселелер мен алдағы жоспарлар туралы айтып бердім. «Qazaqstan» ұлттық арнасының табысты жобасы – «Шоқан. Кашғарияға жол» туралы сөз қозғадық. Әсіресе, Сұлтан Бейбарыс туралы жаңа мультфильм жобасының идеясы оған ерекше ұнады. Мәулен Сағатханұлы 2023 жылы Қазақстан Республикасы атынан Мысырда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған іс-шараларға қатысып, елдің ең құрметті билеушілерінің бірі атындағы мешіттің қалпына келтірілгеннен кейінгі ашылу салтанатына қатысқан болатын.

Қоғам қайраткері
Ғалым Байтук

WhatsApp Image 2025 04 30 at 14.40.36

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған