Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры Театрдың көркемдік жетекшісі — Сарқытбаева Құралай Серікханқызын зор қуанышпен таныстырады!

Құралай Серікханқызы — өнерге және ұлттық хореографияны дамытуға бар ғұмырын арнаған прима-балерина, педагог және шабыт беруші көшбасшы.
Білімі мен кәсіби жолы:
• 1985–1993 жж. — А. В. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесін балет әртісі мамандығы бойынша тәмамдады;
• 1993–2023 жж. — Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының жетекші солисті;
• 2001 ж. — Қазақ мемлекеттік әйелдер педагогикалық институтын мәдени-демалыс жұмысы және көркем шығармашылықты ұйымдастыру мамандығы бойынша тәмамдады, біліктілігі — менеджер, хореографиялық пәндер жетекшісі;
• 2021 ж. — Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында хореография педагогикасы саласындағы өнертану магистрі академиялық дәрежесін алды;
• 2023–2024 жж. — Түркия, Мерсин қаласындағы опера және балет театрында репетитор-педагог қызметін атқарды;
• 2024 ж. — Қазақ ұлттық әйелдер педагогикалық университетінің хореография және арт-менеджмент кафедрасының аға оқытушысы.
Шығармашылық жолы
Өнер жолындағы жемісті қызметінің барысында Құралай Серікханқызы сахна мәдениетінің биік үлгісін көрсеткен шебер ретінде танылды. Ол — нәзік талғам мен терең педагогикалық даналықты ұштастыра білген, өз ісіне адал жан.

Құралай Серікханқызының есімі қазақ балет өнерінің дамуы мен жас буын әртістерді тәрбиелеу ісімен тығыз байланысты.

Біз сенеміз, Құралай Серікханқызының жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры жаңа шығармашылық биіктерге жетіп, ұлттық би өнерінің ең озық дәстүрлерін лайықты жалғастырады!

Мәдени мұра қорының атынан Құралайды шын жүректен құттықтай отырып, зор шығармашылық табыстар мен жарқын жетістіктер тілейміз!

Ізгі ниетпен,
Қорының президенті,
Импресарио Эльбрус Имамбаев

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған