Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Дүйсен Қасейінов Халықаралық ұйымның – ICTMD елшісі болып сайланды

2025 жылғы 11 қаңтарда Жаңа Зеландияның Веллингтон қаласында өткен Халықаралық Дәстүрлі Музыка мен Би Кеңесінің (ICTMD) 47-ші Дүниежүзілік конференциясының Бас Ассамблеясы аясында ұйымның басшылығы мен Атқарушы кеңесінің сайлауы өтті. Конференцияға әлемнің 70 елінен қатысқан делегаттар назарын Атқарушы кеңестің ұйым құрылымына жаңа «ICTMD елшісі» мәртебесін енгізу туралы тарихи шешімі ерекше аударды. Бұл мәртебе Кеңестің мақсаттарын ілгерілетуге елеулі үлес қосқан, мәдени мұраны сақтау мен насихаттау саласында белсенді еңбек етіп, ICTMD-дің халықаралық аренадағы болашағын дамыту бойынша перспективалы жоспарлар ұсынған белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне беріледі.

ICTMD президенті Свенибор Петтан (Словения) үміткерлерді таныстыра отырып, былай деді: «Д. Қасейіновтың басшылығымен ТҮРКСОЙ ICTMD-дің стратегиялық серіктесіне айналып, бірқатар маңызды іс-шараларды өткізуге қолдау көрсетті: ICTMD-дің 43-ші Дүниежүзілік конференциясы (2015, Астана); ISME-нің 33-ші Дүниежүзілік конференциясы (2018, Баку), сондай-ақ дәстүрлі музыкаға арналған халықаралық конференциялар, симпозиумдар мен фестивальдар. Д. Қасейіновтың халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми жобаларды қолдауға, түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтауға және оны әлемдік мәдени кеңістікке танытуға бағытталған жан-жақты көпжылдық қызметі ICTMD-дің мақсаттары мен миссиясын ілгерілетуге зор үлес қосты».

Д. Қасейіновтың кандидатурасы Атқарушы кеңес пен конференцияға қатысушылар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Оның ICTMD елшісі болып сайлануы Қазақстан мен ТҮРКСОЙ-ға мүше басқа елдердің мәдениет пен өнер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін айқындайды.

Импресарио қорының президенті Эльбрус Имамбаев Дүйсен Қасейіновты құттықтау жолдайды:
«Дүйсен АҒА, құттықтаймын! Мұндай жоғары сенім мен үлкен құрмет – бұл тек біздің халқымыздың емес, сондай-ақ Қазақстан мемлекетінің де үлкен мойындауы. Бұл сонымен қатар Сізге, осы мемлекеттің елшісі ретінде көрсетілген зор құрмет пен сенім. Аман болыңыз! Сіз – қазақ мәдениетін бүкіл әлемге танытқан тұлғасыз. Халықаралық беделді ұйымдағы шығармашылық жұмысыңызға табыс тілеймін!»

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған