Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Sanremo Junior ән байқауының жеңімпаздары Италияға жолдама алады

Sanremo Junior Kazakhstan екінші ұлттық байқауы 20-22 ақпанда Ақтөбе қаласында өтеді.

Өнер додасында топ жарған өнерпаздар 26 наурызда Италияның Санремо қаласында өтетін әйгілі SANREMO JUNIOR XVI Халықаралық балалар байқауына жолдама алады. Оған 26 елдің 6-15 жастағы дарындары қатысады.

Ұлттық іріктеу Астанадағы Өнер академиясының қолдауымен өтеді. Ол - Италияда байқауды өткізетін «KISMET» компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі.

Сонымен қатар байқау Италияның Қазақстандағы Елшілігі мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Ұлттық байқауда Қазақстанның барлық өңірінен 55 қатысушы бақ сынайды.

22 ақпанда өтетін Гала-финалда «Sanremo Junior Kazakhstan» бірінші ұлттық байқауының Гран-При лауреаты және Италиядағы дүниежүзілік «Sanremo Junior» байқауының екінші орын иегері, қарағандылық 12 жасар әнші Мағжан Мыңбаев өнер көрсетеді.

Байқаудың көркемдік жетекшісі - Батыржан Смаков жобаның Қазақстан үшін имидждік мәні зор екенін айтады. Ұлттық іріктеуге қатысу және Италиядағы байқауға жолдама алу — Қазақстанның жас дарындарына әлемге әйгілі АРИСТОН театрында өз өнерін паш етуге мүмкіндік береді. Бұл - жастарды жаңа шығармашылық белестерге жетелеу үшін маңызды қадам.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған