Жеңіл аяқ киіммен – енді кіре алмайсыз: Милан опера театры дресс-кодты қатаңдатады
Италияның әйгілі Ла Скала опера театры енді шортылармен, майкамен және шлепкимен келгендерді кіргізбейтін болды. Қонақтардан театр этикетіне сай киініп, өнер ордасына және басқа көрермендерге құрметпен қарауды өтінуде. Дресс-кодты сақтамай келгендерді театрға кіргізбеуі мүмкін, әрі билет ақшасы қайтарылмайды.
Сонымен қатар, Ла Скалада кешкі көйлек не галстук тағу міндетті емес екенін атап өтті. Ашық иықты блузка немесе көйлек киюге рұқсат бар. Театр қызметкерлері мәдени ерекшеліктерді ескеретін болады: мысалы, кимонодағы және дәстүрлі сандал киген жапондар театрға кіре алады.
Ла Скала – әлемдегі ең танымал опера театрларының бірі және Милан қаласының басты туристік нысандарының бірі. Театр 2 000-ға жуық көрерменді сыйғыза алады.