Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концертте алты дирижер оркестрмен өнер көрсетеді

Қарағандыда қазақтың көрнекті композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Концертке алты талантты дирижер қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі.

b5306228 4d4d 4344 b1c4 1c3ad09fe834

Мерейтой аясында Қарағандыға Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің тұңғыш бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай шақырылды. Ол өзінің шығармашылық жолының басында Нұрғиса Тілендиевпен бірге жұмыс істеу бақытына ие болған. Сонымен қатар, қарағандылық сахнада Нұрғиса Тілендиев атындағы дирижерлер байқауының бас жүлде иегерлері – Дәурен Ғылымов, Ерболат Ахмедияров және Әбілқайыр Сағымбаев өнер көрсетеді.

Концертке сондай-ақ Тәттімбет атындағы оркестрдің бас дирижері, мәдениет үздігі Ерлан Бақтыгерей және оркестрдің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абұғалисын Шоқанбаев қатысады.

Бағдарлама Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің «Ата толғауы» туындысымен ашылады. Солистер – Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік әртістері Балғабек Смағұлов, Дәуренбек Аркенов, Меруеш Башай, Сырым Хордин, Медет Осатаев, Азамат Елеусін, Рысты Рахымжан және басқалар.

Концертте «Аққу», «Сағындым ғой», «Қарлығашым», «Ақ құсым», «Қайран менің жүрегім», «Өз елім», «Құстар әні» сияқты туындылар орындалады. Бағдарлама классикалық «Махамбет» күйімен аяқталады.

Концерт 8 сәуір күні сағат 18:30-да К. С. Станиславский атындағы орыс драма театрының сахнасында өтеді.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. Барлық өңірлерде композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған концерттер, көрмелер, байқаулар мен фестивальдер жоспарланған. Сонымен қатар мерейтойлық шаралар шетелде де өтеді. Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде концерт ұйымдастырылады. АҚШ-тың Карнеги-холлында композиторға арналған концерт пен көрме өтсе, Бейжіңде «Құстар қайтып барады» концертінде оның шығармалары орындалады.

Еске сала кетейік, ТҮРКСОЙ 2025 жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялаған.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған