2025 жылғы 26–27 маусымда Алматыдағы Александр Селезнев атындағы хореография училищесінде әлемге танымал классикалық балет стилдерінің бірі — Бурнонвиль техникасы бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Бұл – оқытушылар мен студенттер үшін өзінің өзектілігін әлі де жоғалтпаған еуропалық дәстүрмен танысудың сирек мүмкіндігі.
Шеберлік сабақтарын Бурнонвиль техникасы бойынша жетекші халықаралық маман — Динна Бьёрн жүргізеді. Ол Париж операсы, Англияның ұлттық балет мектебі, Ваганов атындағы академия сынды беделді оқу орындарының шақырылған ұстазы. Динна ханым Бурнонвильдің репертуары мен әдістемесі бойынша танылған сарапшы болып табылады және Еуропаның, бүкіл әлемнің жетекші театрларымен жұмыс істейді.
Шеберлік сабақтарының бағдарламасы:
-
26 маусым, сағат 16:00 — училище студенттері Бурнонвильдің «Сильфида», «Генцано гүлдер фестивалі», «Неаполь» классикалық балеттерінен үзінділермен жұмыс істейді.
-
27 маусым, сағат 10:00 — Бурнонвиль әдістемесі бойынша классикалық сабақты арнайы мамандарға арнап өткізу. Негізгі назар — стильдің басты қағидаттарына: жеңілдігіне, шапшаңдығына және көркемдігіне аударылады.
Бұл шеберлік сабақтары «Дат Корольдік театры жұлдыздары Алматыда» халықаралық мәдени жобасы аясында өтеді. Жоба 27 маусым күні Almaty Theatre сахнасында Даниядан келген 10 балет әртісінің қатысуымен өтетін гала-концертпен қорытындыланады.
Оқытушылар үшін – бұл кәсіби тәжірибе, әдістемелік байыту және Бурнонвиль мектебінің элементтерін оқу процесіне енгізудің бірегей мүмкіндігі.
Студенттер үшін – бұл шабыт, жаңа балеттік тілмен танысу және әлемдік репертуардағы түпнұсқа сахналық материалмен жұмыс істеу.
Біз балетті жоғары мәдениет пен дәстүр өнері ретінде бағалайтын және кәсіби даму жолында жүрген барша жандарды шақырамыз.





