Жобаны жүзеге асыру үшін меценаттар құны 600 миллион теңге болатын жер телімін сатып алып, оны өтеусіз түрде қаланың коммуналдық меншігіне табыстады.
Сонымен қатар, аумақты абаттандыру жұмыстарына 300 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Саябақ аумағына ағаштар, гүлдер мен бұталар отырғызылып, орындықтар мен жарықтандыру жүйесі орнатылды, сондай-ақ тұрақты суару жүйесі іске қосылды. Саябақ қала тұрғындарының барлығына ашық болады.
Бұдан бөлек, 2026 жылдың қыркүйек айында Shoqan School базасында мектеп оқушыларына арналған Тұрақты даму орталығы ашылады. Мұнда оқушылар экологияны, инженерияны, агротехнологияларды және заманауи технологияларды меңгеріп, өздерінің ғылыми жобаларын әзірлей алады.

