Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының бұйрығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі» РМҚК директоры лауазымына Саров Сержан Бараханұлы тағайындалды.
🔹Сержан Бараханұлы Саровтың мәдениет және музей ісі саласында көпжылдық еңбек тәжірибесі бар.
▫️2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.
▫️Еңбек жолын «Алматы қаласы тарихы музейі» МКҚК-да кіші ғылыми қызметкер болып бастаған.
▫️Тарихи-мәдени мұра бөлімінің жетекшісінен «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры лауазымына дейінгі кәсіби жолдан өтті.
▫️Сондай-ақ «Алматы әуендері» КМҚК директорының кеңесшісі қызметін атқарды.
▫️2023 жылғы ақпаннан 2025 жылғы наурызға дейін – «Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі» РМҚК директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары.
▫️2025 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейі» РМҚК директорының міндетін атқарушы.
▫️Кәсіби қызметі барысында Қазақстан Республикасының мәдени саясаты мен музей ісін дамытуға елеулі үлес қосты.
▫️«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
▫️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің басшылығы жаңадан тағайындалған директордың алдына музей инфрақұрылымын одан әрі дамыту, халықаралық көрме жобаларын жүзеге асыру және мәдени ынтымақтастықты нығайту жөнінде бірқатар міндеттер қойды.

