Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Қуанышты әрі шын мәнінде тарихи жаңалық!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 19 мамырдағы №26-2655 тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның 2026 жылғы 20 шілдедегі №350-НҚ бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарауындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік би театрына көрнекті хореограф, Қазақстанның халық әртісі Болат Ғазизұлы Аюхановтың есімі берілді.

Бұл шешім - Болат Ғазизұлының отандық хореография өнерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан өлшеусіз үлесіне берілген жоғары баға әрі бүкіл ғұмырын өнерге арнаған дара тұлғаның шығармашылық мұрасын лайықты мойындаудың айқын көрінісі.
Театр үшін бұл тарихи оқиғаның маңызы айрықша. Болат Аюханов негізін қалаған өнер ордасы 2027 жылы өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. Театрға Ұлы Ұстаздың есімінің осындай айтулы мерейтой қарсаңында берілуі – ұрпақтар сабақтастығын айшықтайтын, театр тарихында мәңгі сақталатын тағылымды шешім.

Осы маңызды бастаманы қолдағаны және ұлттық мәдениет пен өнердің дамуына тұрақты қамқорлық көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа зор ризашылығымызды білдіреміз.
Сондай-ақ осы тарихи шешімнің қабылдануына ерекше қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшылығы мен бүкіл ұжымына, Мәдениет комитетіне шынайы алғысымызды білдіреміз.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Aida Balayeva

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған