Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы

 

                2025 жылдың 20-21 мамыр күндері Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында өтетін «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен өтеді. 

Бұл конкурс ұлт мақтанышы, аса көрнекті жазушы  және философ Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығын ұлықтап, жас ұрпақты оның мұрасымен таныстыруға бағытталған.

         Конкурсқа еліміздің әр облысынан 8-11 сынып оқушылары арасынан                   1 команда қатысады. Команда құрамында 8 оқушы мен 1 жетекші, барлығы 160 оқушы мен 22 жетекші қатысады.

Байқауға қатысушылар Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығын терең зерделеп, оның идеяларын және әдеби мұрасын кеңінен танып-білу мүмкіндігіне ие болады.

         Конкурстың негізгі бағыттары:

  1. Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
  2. Ә. Кекілбаевтың шығармаларын (проза, поэзиясынан) мәнерлеп оқу;
  3. Шығармашылық жұмыс. Ә. Кекілбаев шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.
  4. Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым.

Конкурстың бағдарламасы:

  • Байқаудың ашылу салтанаты;
  • Байқаудың бағыттар бойынша өткізу;
  • Байқаудың жабылу салтанаты;
  • Әбіш Кекілбайұлының туған жері Онды ауылына саяхат;
  • Байқауға қатысушыларды шығарып салу.

                Конкурс Маңғыстаудың киелі топырағында өтеді. Бұл өңір қазақтың тарихы мен мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Маңғыстау 362 әулиенің мекені, оның ішінде Бекет ата, Шақпақ ата, Шопан ата сияқты атақты тұлғалар жерленген. Осы жердің топырағында дүниеге келген Әбіш Кекілбайұлы біздің елдің мәдениеті мен тарихында ерекше орын алады. Осы конкурстың аясында қатысушылар оның шығармашылығынан үлгі алып, терең рухани байлыққа бойлайды.

                Конкурстың мақсаты – жас дарындарды дамыту, балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу және әдеби ортада өз орнын табуға мүмкіндік жасау. Бұл шара Әбіш Кекілбайұлының  мұрасына деген құрметімізді арттыруға, болашақ ұрпаққа оның шығармашылық әлемін танытуға зор үлес қосады.

         Ашылу салтанаты: Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында.

Шараның өтетін орны мен жабылу салтанаты: 18 а шағынауданда орналасқан АIS (Aqtau International School) жекеменшік мектебі.

Өтетін уақыты: 2025 жыл 20-21 мамыр.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған