Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми – шығармашылық конкурсы өз мәресіне жетті

2025 жылдың 20-21 мамыр күндері жас дарындардың арасында республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми – шығармашылық конкурсы өтті.
 
Аталған шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілі Г. Калимжанова, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А. Өрісбаев, облыстық білім басқармасының қызметкерлері, Әбіш Кекілбаевтың туысқандары, қазылар алқасы, қатысушылар мен жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
 
Конкурсқа еліміздің әр облысынан 158 оқушы мен 22 жетекші қатысты.
Конкурс төрт бағыт бойынша өтті:
 
1. Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
2. Ә. Кекілбаевтың шығармаларын (проза, поэзиясынан) мәнерлеп оқу;
3. Шығармашылық жұмыс. Ә. Кекілбаев шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.
4. Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым.
 
Бүгін, 21 мамыр күні байқаудың жабылу салтанаты АIS (Aqtau International School) жекеменшік мектебінде өтті.
 
Конкурстың қорытындысы бойынша 4 бағыттан 72 оқушы I, II, III жүлделі орындарға ие болып, Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің дипломдарымен және «Меломан» кітап дүкенінің сертификаттарымен марапатталды.
 
Сонымен қатар, барлық бағытта жоғары ұпай жинап, үздік нәтиже көрсеткен командалар «Ең үздік команда» номинациясына ие болды. Жеңімпаз командаларға Қазақстан Республикасы Оқу–ағарту министрлігі атынан І, ІІ, ІІІ орын дипломдары табысталды:
 
І орын – Атырау облысы;
ІІ орын – Алматы қаласы;
ІІІ орын – Жамбыл облысы.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған