Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Қолжазба «Хандар шежіресі» ЮНЕСКО-ның «Память мира» халықаралық тізіміне енді.

Қолжазба «Хандар шежіресі» ЮНЕСКО-ның «Память мира» халықаралық тізіміне енді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның «Память мира» халықаралық тізіліміне енді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин хабарлады. Оның айтуынша, Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірегей деректі мұрасын сақтау жұмыстарын күшейтуді тапсырған.

XVIII ғасырға жататын бұл бірегей құжат — ұзындығы үш метрден асатын шиыршық түріндегі қолжазба. Онда VI ғасырдан XIX ғасырға дейінгі қазақ хандары мен билеушілерінің егжей-тегжейлі шежіресі баяндалған. Бұл тарихи жәдігер — қазақ тарихындағы танымал тұлғалардың шығу тегін, сондай-ақ олардың Еуразия халықтарымен байланысын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін аса құнды дереккөз.

«ЮНЕСКО мойындаған бұл құнды жәдігер — қазақ даласының билеушілерінің терең тамырын көрсететін айғақ. Ол тарихи тұлғалардың шығу тегін, басқа халықтармен байланысын, әсіресе VI ғасырдан XIX ғасырға дейінгі кезеңді түсінуге септігін тигізеді», — деп атап өтті Ерлан Қарин.

Айта кетейік, бұған дейін ЮНЕСКО-ның халықаралық тізіліміне Қазақстан атынан Қожа Ахмет Ясауи қолжазбалары, «Невада-Семей» халықаралық ядроға қарсы қозғалысының мұрағаты және Арал теңізіне қатысты мұрағаттық материалдар енген болатын.

 

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған