Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Стив Баракатт «Астана Операда» өнер көрсетті

Әлемге әйгілі композитор және пианист Стив Баракатт Халықаралық әйелдер күніне орай «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онымен бірге сахнаға 125 музыкант, вокалист және балет әртісі шықты. Стив Баракатт «Астана Опера» Үлкен залында өз шығармаларын ұсынған алғашқы солтүстік америкалық композитор және пианист атанды.

– Бұл концерт симфониялық оркестр, балалар хоры және «Астана Опера» балет труппасы қатысқан көпқырлы өнер ынтымақтастығы болды. Концертті дирижер Елмар Бурибаев басқарды, – деп атап өтті министрлік өкілдері.

Néoréalité әлемдік туры аясында бағдарлама С. Баракаттың ең танымал шығармаларын, соның ішінде Néoréalité («Неореальность»), «Ұшамын», «Отан», «Ливанның самырсындары», «Бесік жыры» (ЮНИСЕФ әнұраны) және жоғары бағаланған Ad Vitam Aeternam симфониясынан үзінділерді ұсынды. Бұл концерт арқылы С. Баракатт бүкіл әлем әйелдерінің төзімділігіне, шығармашылығына және қосқан үлесіне құрмет көрсетіп, терең эмоциялық әрі шабыттандыратын тәжірибе қалыптастыруды көздейді.

Бұған дейін әлемге әйгілі композитор және пианист Стив Баракатт Қазақстанға алғаш рет келіп, «Астана Опера» сахнасында концерт қойған болатын. Kazinform агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ол ел мен халық туралы өз әсерімен бөлісті.

Дереккөз

cd88e168 e689 4c66 8c43 683bba820196

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған