Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

“TURAN ансамблі — түркі музыка мәдениетіндегі феномен” атты ғылыми-практикалық халықаралық конференциямыз сәтті аяқталды!

“TURAN ансамблі — түркі музыка мәдениетіндегі феномен” атты ғылыми-практикалық халықаралық конференциямыз сәтті аяқталды! Құттықтап жатқан баршаға рақмет!
 
Шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Ресей, АҚШ, Тайвань және басқа да елдердің жетекші ғалымдары, өнер зерттеушілері, педагогтар, магистранттар, докторанттар мен студенттер қатысты.
 
Түркі халықтарының ортақ музыкалық кодтары, олардың қазіргі этно-мәдени кеңістіктегі трансформациясы, TURAN ансамблінің осы үдерістерге қосқан үлесі, музыкалық мұрасы жан-жақты сарапқа салынды.
 
Зерттеу жұмыстары TURAN-ның орындаушылық ерекшеліктерінен бастап, ансамбль шығармашылығының музыка, театр, кино, хореография, ұлттық киім, педагогика және менеджментке ықпалы, сондай-ақ мәдениетаралық коммуникациядағы рөліне дейінгі мәселелерді қамтыды.
 
 
Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған