Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

«Астана Опера» театры жаңа жылдық демалыс кезінде Т.Кочактың «Ақшақар мен жеті ергежейлі» балетін ұсынады

«Астана Опера» театры жаңа жылдық демалыс кезінде Т.Кочактың «Ақшақар мен жеті ергежейлі» балетін ұсынады. Бұл – балаларыңызбен бірге жақсы уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік.

Ағайынды Гриммдердің «Ақшақар мен жеті ергежейлі» ертегісін барлық бала білетін болар. Ол жетім өскен ару ханшайым мен бәрінен де кім сұлу екенін айнадан жиі сұрайтын зұлым өгей шешесі туралы хикая. Құлпырып өсіп келе жатқан Ақшақарға деген қызғаныш оты патшайымды зұлымдыққа итермелейді – ол қызметшісіне қызды орманда өлтіруге бұйрық береді, алайда ханшайым ергежейлілер үйінде жасырынып қалады. Ақшақарды өгей шешесінің қудалауынан кім және қалай құтқарғанын кішкентай көрермендер (әлбетте, ересектер де) ізгілік пен зұлымдық, сенгіштік және шынайы махаббат жайлы ертегі-балеттен біледі.

Билеттер сатылымда!

7,10,11 қаңтар
Үлкен зал

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған