«Астана Опера» сахнасындағы балет кеші классика мен заманауилықты, эмоция мен философияны, шебер техника мен терең мазмұнды тоғыстырды.
Алғашқы бөлімде көрермендерге Гала-балет ұсынылды:
кеш Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясындағы «Той бастар» көркем қойылымымен ашылып, мерекелік көңіл күймен бір серпілтіп тастады. Оның «Мәңгүрт» және «Кемел Адам» қойылымдары көрермендердің зор қошеметіне ие болды.
Сүйікті классикалық нөмірлер де орындалды — «Щелкунчик» балетінен па-де-де, «Талисман» балетінен па-де-де және В.Желобинскийдің музыкасына Сыған биі. К.Голейзовскийдің хореографиясы.
Дирижер тұғырында — Ерболат Ахмедьяров.
Кештің екінші бөлімі неміс хореографы Раймондо Ребектің эмоциялық, метафоралық қойылымы – «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» бір актілі балетіне арналды.
Музыка — М.Рихтер, Г.Эскот, Э.Боссо, О.Арнальдс, Л.Эйнауди («1 + 1» фильміне саундтрек авторы) шығармаларының Les Tambours du Bronx тобының қуатты ырғағымен нәзік астасуы.
Спектакльге «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен балет әртістері қатысты.
Дирижер — Ерболат Ахмедьяров.
Кеш әр нөмірі уақыт тоқтап қалған сәт сияқты жарқын шығармашылық оқиғаға айналды.