
18 ақпанда «Астана Балет» театры сахнасында көрермендерге бір актілі балеттер кеші ұсынылады: «Touch the Light» және «A Fuego Lento».
«Touch the Light» қойылымының басты ерекшелігі – қазіргі заманның ең танымал каллиграфы Покрас Лампастың каллиграфиясы. Суретші бидің пластикасын қолмен бейнеледі, ал каллиграфия экранға проекцияланып, хореография мен композитор Филипп Гласс музыкасымен синхрондалды.
Хореограф және қойылымдық суретші: Илья Живой
«Touch the Light» – музыка, сән, стрит-арт, каллиграфия және неоклассикалық би тоғысқан перформанс. Мұнда 6 биші өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істей отырып, ішкі жарық, жан, және осы әлемде өзін табу туралы әсерлі әрі батыл оқиғаны баяндайды.
«A Fuego Lento»
Хореография: Рикардо Амаранте
Балет адамның алғашқы махаббат пен құмарлық сезімдерін ашуы туралы. Қуаттылығы артып бара жатқан ыстықтық пен эмоционалдық шиеленіс ішкі жан дүниені баяу күйдіреді. «A Fuego Lento» – әр сахнада құмарлықты сездіретін, сезімге толы танго ритміне оралған қойылым.
Билеттер: astanaballet.com
