1756 жылғы 27 қаңтарда Вольфганг Амадей Моцарт – австриялық композитор, виртуоз музыкант дүниеге келді. Ол әлемдік музыкалық мәдениетке үлкен әсер еткен ең танымал классикалық композиторлардың бірі. Замандастарының айтуынша, Моцарт ерекше музыкалық есту қабілетіне, керемет жадыға және импровизация жасау шеберлігіне ие болған. Өмірі өте қысқа болғанына қарамастан, ол 600-ден астам музыкалық шығарма жазды, олардың алғашқылары бала кезінен бастау алады. Айта кетерлігі, 17 жасында оның репертуарында 40-тан астам ірі туынды болған.
Моцарттың бірегейлігі – ол өз дәуірінің барлық музыкалық бағыттарында жұмыс істеп, олардың барлығында ең жоғары жетістікке жеткенінде. Опералар, симфониялар, оркестрлік шығармалар, фортепианолық пьесалар, вокалдық және діни музыка – композитор қолға алған кез келген жанрдағы еңбектері теңдессіз деңгейде жазылған. Ғылыми және тәжірибелік зерттеулер Моцарттың музыкасының емдік қасиеттері бар екенін дәлелдеді. Гайдн және Бетховенмен бірге, ол Веналық классикалық мектептің ең көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады.
Вольфганг Амадей Моцарт дарынды бала болды және өмірінде көп жақсы нәрселер жасады. Оның барлық қызықты әрекеттерін сипаттау мүмкін емес, бірақ ең маңызды деректерді атап өтуге болады:
- Моцарттың толық аты – Йоханнес Вольфгангус Теофилиус Готтлиб Сигизмундус Амадеус Моцарт. Теофилиус, Амадеус, Готтлиб және Сигизмундус – бәрі әртүрлі тілдерде бір мағынаны білдіреді – "Құдай сүйген".
- Вольфганг – отбасының жетінші баласы, бірақ оның бауырлары мен әпке-қарындастарының көбісі сәби кезінде шетінеп кеткен. Тек әпкесі Мария Анна ғана аман қалды.
- Оның алғашқы әлемдік концерттік турнесі жеті жасында басталып, 3,5 жылға созылды. Ол Париж, Лондон, Швейцария, Германия, Голландия және Фландрияда өнер көрсетті.
- Моцарттың әлсіздігі – бильярд ойыны болды. Ол табыс тапқан ақшасының көбін осы ойынға жұмсаған.
- Ол тарихтағы ең алғашқы заңсыз музыкалық көшірмені жасаған. Бір рет тыңдағаннан кейін, Ватиканға тиесілі Аллегридің "Мизерере" шығармасын есінде сақтап, қайта жазып шыққан. Папа бұл қабілетіне таң қалып, оған "Алтын шпор" орденін берген.
- Моцарт өзінің үй жануары – шымшықтың әніне шабыттанатын. Бірде шымшық оның жаңа ғана жазған концертіне өзгеріс енгізіп орындағанда, композитор оны түпкілікті нұсқасына қосқан.
- Әуежайларда хабарландырулар алдында оның 18 жасында жазған "Қысқа месса" шығармасының алғашқы ноталары ойналады.
- Ол 4 жасында клавирге арналған концерт жазған. Бірде бір студент одан симфония қалай жазылатынын сұрағанда, Моцарт оған жеңілдеу нәрседен бастауды ұсынған. "Бірақ сіз 9 жасында симфония жаздыңыз ғой!" – деген студентке: "Мен ешкімнен сұраған жоқпын" – деп жауап берген.
- 14 жасында академик болған. Бірде концерт кезінде сахнаға мысық жүгіріп шыққанда, ол барлық көрермендерді ұмытып, мысықты құшақтап алған. Әкесі оған ұрысқан кезде: "Әке, клавесин ешқайда кетпейді, ал мысық қашып кетуі мүмкін" – деп жауап берген.
Баршаңызға рахмет! Керемет композитордың әуенімен тамаша күн өткізіңіз!