Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

ЮНЕСКО Қазақстан ұсынған Ермек Серкебаев пен Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойларын атап өтеді

WhatsApp Image 2025 11 13 at 12.59.28ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-ші сессиясында Қазақстан тарапынан берілген бірнеше ұсыныс қолдау тапты. Әйгілі опера әншісі Ермек Серкебаев пен көрнекті кинорежиссер Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдық мерейтойлары 2026-2027 жылдары халықаралық ұйым аясында аталып өтілетін атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді. Бұл – ұлттық әрі әлемдік мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан қазақстандық қайраткерлердің халықаралық деңгейде лайықты мойындалуының бір белгісі.
ЮНЕСКО-ның Атаулы күндер күнтізбесі – Ұйым тарапынан қолдау тапқан және халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын атаулы күндер мен мерейтойлардың, маңызды оқиғалардың ресми тізімі.
ЮНЕСКО Хатшылығының мәліметінше, Ұйым 1956 жылдан бері 1 234 атаулы күнді мерекелеуге атсалысқан. Соның 31-і Қазақстанның ұсынысы бойынша енгізілген. Атап айтқанда, Абай Құнанбайұлының 150 жылдық, Шымкент қаласының 2200 жылдық, Алматы қаласының 1000 жылдық, Мұхтар Әуезовтің, Қаныш Сәтбаевтың, Сәбит Мұқановтың 100 жылдық мерейтойлары және басқа да атаулы күндер ЮНЕСКО қолдауымен халықаралық деңгейде тойланды. Осы жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде әйгілі композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік Кеңесшісі
Ерлан Карин

 

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған