Қаз
«Cultural Legacy Fund»
МӘДЕНИЕТ ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ
 

Астана күнінде әйгілі «Жыл мезгілдері» орындалады

«Астана Опера» солистері мен камералық оркестрі «Опералия» халықаралық фестивалі аясында 6 шілде «Астана Опера» Үлкен залының сахнасында «Vivaldi & Piazzolla» бағдарламасын ұсынады. Атақты «Жыл мезгілдері» Қазақстанның халық әртісі маэстро Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен шырқалады.

Әдетте классикалық бағдарлама бір опустың айналасында құрылады, бірақ мұнда Антонио Вивальди мен Астор Пьяццолланың екі үлкен циклі бірден көпшіліктің назарына ұсынылады, олардың әрқайсысы табиғаттың мәңгілік айналымын өзінше түсіндіреді. Солистер – виртуоз скрипкашы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов және тамаша скрипкашы Анель Шәкірова.

Концерт батыс классикасы – барокко музыкасының озық үлгілерінің бірі әрі әлемдік мәдениеттің байлығына баланатын Антонио Вивальдидің «Жыл мезгілдері» (1723) шығармасымен ашылады. XVIII ғасыр ХХ ғасырдағы Аргентинамен алмастырылады. Астор Пьяццолла джаз бен академиялық музыка элементтерін үндестіре отырып, дәстүрлі жанрға заманауи әуез қосты. Оның «Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері» - мегаполистің төрт портреті, онда сағыныш («Күз») қарқынды қозғалыспен («Жаз») ауыстырылады, айтпақшы, А.Пьяццолладағы цикл тәртібі ерекше, ол оңтүстік жарты шармен үйлеседі. Сонымен қатар, кеш бағдарламасына осы әйгілі композитордың «Танго тарихы» және «Медитанго» топтамасынан Cafe 1930 кірді.

- «Жыл мезгілдерінің» екі топтамасын - Вивальди мен Пьяццолланы сәйкестендіру сырт көзге қарапайым көрінгенімен, оның терең сыры да осында жатыр. Вивальди өзінің жауһарын жасай отырып, Венеция табиғатының әсем құбылысын сипаттауға тырысып, онысы соншалықты керемет болып, тақырып мәңгілікке айналды, бірнеше ғасыр бойы суретшілер, ақындар мен музыканттар оған жүгінді. Алайда Пьяццолла одан әрі барды: ол классиканы ой елегінен өткізіп, оны туған өлкесі – Буэнос-Айрестің аумағына ауыстырады. Пьяццолла топтамасының ең қызықтысы - жыл мезгілдерімен «ойыны». Желтоқсан-ақпан айларында оның жазы аптапты мамыржайлыққа толы, сонымен бірге ол Вивальдидің «қысына» полемикалық сілтеме жасайды. Бұл композитор әдейі баса назар аударатын интеллектуалды контраст. Өз кезегінде, Аргентинаның суық қысы (маусым-тамыз) өзінің барлық сұлулығымен ұлы италиялықтың жазғы дауылдарымен үн қатысады, - дейді Анель Шәкірова.

Скрипкашы сонымен қатар музыка аударуды қажет етпейтін әмбебап код екенін атап өтті. Түрлі тілде сөйлейтін адамдар музыка тыңдағанда немесе үніне еліткенде бірін-бірі үнсіз түсіне алады. Дегенмен, терең түсіну әрқашан контекстті қажет етеді – композитордың өмірбаяны мен ол өмір сүрген дәуірді білу.

- Бір таңқаларлығы, XVIII ғасырдың жазбаларын ХХ ғасырдың партитураларымен салыстыра отырып, біз талай параллельдің куәсі боламыз. Бүгінгі таңда барокко музыкасының екінші тынысы ашылғандай әсер қалдырады. Сансыз рилс пен тиктоктардың саундтрегіне айналып, жастардың жүрегіне терең бойлап, керемет сұранысқа ие болуда. Бұл барокко музыкасының қазіргі қабылдаумен үндес екенінің дәлелі. Концерттік бағдарлама осы диалектикалық үйлесімге негізделгеніне сенімдімін: көне музыка мен ХХ ғасыр музыкасы осы кеште жаңа қырынан танылады. Бұл көрерменге мәдениеттің сабақтастығын сезініп, бір концертте талай ғасырдан бері үзілмеген әуенді естуге мүмкіндік береді. Біздің ұжым осындай бағдарламаларды үлкен сахналарда орындауға мүдделі болуы кездейсоқ емес, аудитория неғұрлым кең болса, диалог та соғұрлым мағыналы әрі мәнді болмақ, - деп қорытындылады А.Шәкірова.

Концерттің барлық қатысушылары елордалықтарды келе жатқан Астана күнімен құттықтап, мерекелік кешті жанды дауыстағы музыканы тыңдай отырып өткізуді тіледі. Әртістер бағдарламаның музыка білгірлеріне де, жаңадан танысып жүрген тыңдармандарға да қызықты болатындай етіп құрылғанын ерекше атап өтіп, көрермендерді 6 шілдеде «Астана Операның» Үлкен залына шақырды.

Концерттің басталуы 17:00.

Байланыс ақпараты

Қосымша ақпарат алу үшін, бізбен байланысу немесе бағдарламаларға қатысуға өтініш беру үшін келесі байланыстарды пайдалана аласыз:

Мәдениет пен креативті индустрияны қолдау қоғамдық қоры «Cultural Legacy Fund».

Мекенжай: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, ғимарат 55/22, блок С 4.3., 246 кабинет.

Электрондық пошта: info@culturallegacyfund.kz, Impresario@culturallegacyfund.kz

Байланыста болыңыз

«Cultural Legacy Fund» қорының жаңа бағдарламалары, мүмкіндіктері және мәдени бастамалары туралы хабардар болу үшін біздің сайтқа және әлеуметтік желілерге жазылыңыз.

"TORUS.KZ" ЖШС жасаған
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған